10
ҚҰДАҒИ:
Дұрыс емес. Біздің зәкөн бойынша, қыз берген
жақтан тойға жастар ғана барады, Үлкендерді тойдан кейін
құдалыққа шақырасың. Қырық кісі боп барамыз. Бас-басына
кит бересің. Әйтпесе ырзалық жоқ!
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
Қырық кісің қалың қолмен бірдей.....
тым ауыр болады... заман болса мынау!
2-ҚҰДАҒИ:
Құдағи! Бері қараңыз, мұныңыз тым нелеу...
Талабыңыздыкішкенеазайтыңыз.Тіптібазардағытанымайтын
кәмерсәнттар да сөйлесе-сөйлесе, келісіп, табарының бағасын
түсіріп береді ғой!
ҚҰДАҒИ:
Ибай, бетім-ай, немене, менің қызым табар ма
сонша! Саудаласпайық өйтіп!
2-ҚҰДАҒИ:
Саудаласып отырған өзіңіз емес пе? Е-е, мейлі,
саудалассақ несі бар, саудасыз тіршілік бола ма? Сауданың
ең дөкейі осы шығар... Жаңағы айтқаныңыздың жартысына
келісуге болады...
ҚҰДАҒИ:
Қарай гөр мынаны! Жартысын кемітетін, немене,
менің қызым жарымес, жарымжан деп пе едің? Айтқаныма
көнбесең, айда бар, арзан қыз тауып ал! Далада жатқан қызым
жоқ!
2-ҚҰДАҒИ:
Сабыр, сабыр құдағи! Ашумен артық кетпеңіз!
Балалар сізге де, бізге де ортақ, солардың берекесін ойлайық!
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
(2-құдағиға)
Жарайды дей берейік те!
Басын бапан, аяғын сапан қылармыз!
(құдағиларға)
Мақұл,
құдағи, не десеңіз де мақұл! Әлгі айтқаныңыздың бәрін де
біртіндеп беруге тырысамыз. Дәл қазір дайындығымыз жоқ,
кішкене мұрсат бер. Етек-жеңімізді жиып, қамданайық. Той
ды өткізген соң, құдалыққа келгенде, шамамыз жеткенше
береміз бәрін де!
СҰРАМШАҚ:
Беремін деген аузыңнан айналайын сол,
алтын құдам! Біз де мақұлмыз, ерте, кеш демейміз, берсең
болды... Бас аман болсын!
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
Иә, бас аман болсын, балалар аман бол
сын! Қалған шаруаның бір жөні болар!
(Бәрі: «Иә», «иә», «со
лай» десіп, екінші құдағи әкелген қоржынды ашып, көріп жат
қанда, шам сөнеді.)