9
СҰРАМШАҚ:
Е, бәсе! Өзім де осыныңды тосып отыр едім!
Жанашырым емес пе, қайтсін!
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
Ақ құдағиымның айтқанын түгел орын
дауға әзірмін!
ЖЕҢГЕЙ:
Олай болса, көрейік құданың қанша жерге же
тетінін! Алдымен, заң бойынша, ұлы атамның жолына түйе,
кіші атамныңжолына бие атап, бірін үлкен үйге, бірінкіші үйге
байлайсыздар. Құда, құдағиға көрімдік бересіздер, аман-есен
көргендеріңе қуанғандығыңның белгісі. Бас құданың астына
қалы кілем саласыңдар, құданы хан көтердік дегендерің.
Құдағиға палас, ханымға балағандарың. Құданың ең жақын
інісінің үйіне кішірек кілем – керегеміз кеңіп, қанатымызды
жайдық дегенді білдіреді. Кіші құдағиға, яғни маған, алтын
сырға... тек жақсылық естиік дегендерің...
2-ҚҰДАҒИ:
Тұра-тұр... бір қағазға жазып алмасақ, үйге
барғанша ұмытып та қалармыз!
ЖЕҢГЕЙ:
Абыржымаңыз, құдағи, мен өзім бәрін де бір
дәптер ғып әдемілепжазып беремін. Қазір мақұл десеңіз болды!
Иә, соныменнені ұмыттым... тәк, тәк... ананыайттым, мынаны
айттым, тағы анау... анау... мынау бар... иә, айтқандайын
алғашқы дәм тату деген бір тамаша зәкөн бар!
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
Өй, айналайын, тезірек соған көшші өзі,
шегімізді шұрылдатпай...
ЖЕҢГЕЙ:
О-о, құда, асықпаңыз, шегіңіздің іші-сыртын
майлаймыз әлі! Құдаларға ең алғаш дәм татыруға ел болып
жиналамыз! Қолға су құйған балаға көктеп өсе бер деп көк
көйлек, бірінші нанды әпергенге ақ ниетті болайық деп ақ
көйлек кигізесіз. Шай құйған әйелге шәйі көйлек, кесеңізге
май салған кісіге сары көйлек, күріш бергенге пүліш,
қысқасы, айтқанымызды қыңқ етпей тыныш бересіз!
ҚЫРЫНДАҒЫШ:
Түзге отырғанға түк алмайсыздар ма,
әйтеуір?
ЖЕҢГЕЙ:
Оның да реті бар, құда. Қорықпаңыз, сізді түзге
өзім ертіп апарамын. Бас табаққа бес мың, төс табаққа төрт
мың тастайсыз... Бұл біздің жақта істейтіндерің. Ал тойды өз
жағыңда, өздеріңше өткізе бересіздер!
2-ҚҰДАҒИ:
Біздіңжақта той мен құдалықты бір-ақ өткізеді.
Қайта-қайта әуре болғанша, сол дұрыс емес пе?