12
Мерген
:
Шықсаң шық! Сені сою – тай сойғандай ғана шаруа
мен үшін, бірақ асыл ағам Алдоңғардың тамшысына татыр ма
екенсің?! Мен Арасанбайдың өзін соймай, тоқтамаймын!
Басар
:
Ағама қолың жете қоймас! Оған дейін өзім-ақ жайғай
салармын сені! Шық былай!
Мерген
:
Солай де! Көріңде өкіртейін мен сені! (
Екеуі «Аруақ!
Уа, аруақ!»
деп, қылыштаса кетеді. Қалқанмен қорғанып, сарт-
сұрт шабысады).
Әлмұқан, Сақа
:
Өй, қойыңдар! Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар!
(
Оған тоқтамай шайқаса береді. Мерген мен Басар бір-бірін же-
ңісе алмай, аяусыз айқасып жатқанда, шапшаң басып Қожабер-
ген мен Көбеген келеді).
Қожаберген
:
Жә, жетті!
Көбеген
:
Бұларың не, әй, балдар! Қойыңдар, қане!
Қожаберген
:
Тоқтатыңдар бассыздықты! (
Оның жігерлі үні-
нен
екі батыр да тиыла қалып, екі жаққа шегінісіп тұрады).
Ес-
кен желмен бірге көшкен еркін ел болсақ та, ханымыздың жарлы-
ғы мен жарғысына тоқтамасақ, тоз-тоз болып, тобырға айналып,
обырдың жұтқынында кетеміз! Бір төбенің басында бол! Бір тудың
астында тұр! Бір тәртіпке бағын! Сонда ғана ел боласың! Баршаға
ортақ әділ де қатал жарғысы қаққан шегедей қатырып ұстап тұр-
маса, қалың қауым қураған тақтайдай қаусап, саусылдап шашы-
лып кетері анық!
Әлмұқан
:
Уа, Қожаберген би, сонда қалай, білдей бір азама-
тымызды жайратып салып, тайраңдап жүре бермек пе бұлар?! Әл-
де, шиеттей үш сәбиді тұл жетім қалдырып, ата-анасын қатар сой-
ған қанішерлерді жазаға тартатын күн бола ма?!
Мерген
:
Жоқтаусыз жіберетін ағамыз жоқ! Қара қылды қақ
жарған Қожаберген би деген атыңыз бар, сіздің кесіміңізге ғана
тоқтаймыз! Дұрыс үкім шығарылмаса, жау-жарағымыз дайын!
Дүрк көтерілеміз!
Қожаберген
:
Уа, жарықтарым, жандарыңа батса да, сабыр ке-
рек! Мерген батыр, аға үшін іні жауап бермейді! Басар батырға
бекер кектенбе! Басар шырағым, Арасанбай ағаңды қанша ардақ-
тасаң да, қанды қол қылмыскер екенін есіңнен шығарма! Уа, жұр-
тым! Не жарғыға тоқтайсың, не жарға жығыласың! Басқа жол жоқ!
Талқыға дейін талас-тартысты тоқтатып, татулықпен тарқай тұр-
ғанымыз жөн болар!
Кетеді. Жиын тарайды. Мерген бөгеліп, ойланып тұрғанда,
жұмбақ киімді кісі оны ту сыртынан бағып, бой тасалай қалады.