9
рен Доржыны жоқтайтын жоңғардан да жақында жаушылар кеп
қалады-ау жобасы! Жан-жаққа көкпардай тартылған күрмеуі қатты
қанды дау бітудің орнына, күннен-күнге шиеленісіп барады. Би-
лердің бірде-бірі бұл түйінді шеше алмай, шекелерін шертіп кет-
кен сияқты. Сөз аяғы Әз Тәуке ханға тірелген екен, алдияр тақсыр:
«Бұл дауды Қожаберген би бітірсін!» деп сізге артып отыр! Хан
сәлемі осы, биеке!
Қожаберген
:
Алдиярдың сөзіне құлдық!
Көбеген
:
Кінәлары дәлелденді! Айғақ жетіп артылады! Бұлта-
ра алмай, бұғалыққа түсті! Бүкіл ел куә! Күлтөбенің басында би-
лер кеңесін шақырып, кесімін шығарыңыз да беріңіз! Жеті Жарғы
бойынша, елге бүлік салғанның жазасы – өлім! Қасақана кісі өл-
тіргеннің жазасы да өлім екені барша жұртқа аян!
Қожаберген
:
Солайы солай, енді... Көбеке, бүгін қонағасыңды
жеп, тыныс ал! Ертең аттанармыз! Мен қам жасайын! \
Кетеді.\
Көбеген
(жалғыз, өзіне-өзі):
Ал, Көбегенім, көрешегің алдың-
да деген осы! Берейін десе, осылай да береді екен-ау! Шүкір, құ-
дайға, шүкір! Әйтпесе, кім айлалы қолбасы, қаһарман батыр? Қо-
жаберген! Кім оқыған ғұлама? Қожаберген! «Жеті Жарғыны» был-
ғарыға баптап жазған кім? Қожаберген! Елдің қамын жеген ақыл-
гөй, ежелгі дұшпанмен елдестірген мәмілегер елші кім? Қожабер-
ген! Екі ауыз сөзбен ердің құнын шешкен көсем би, көсілген жы-
рау кім?! Бәлкім, Көбеген шығар, ә?! (
Кекете күліп, өзінің тұмсы-
ғына жұдырығын тақайды)
. Мә, саған! Тағы да Қожаберген! Сон-
да, қалған қазақ дым бітірмей, бір Қожабергеннің аузына қарап
қалып па?! Жо-оқ! Тәуке хан төбесіне қанша көтерсе де, Көбеген
көтере алмайды! Көре алмайды, ал! Өйткені, бұны қожамыз, яғни
Жаратушы иеміз, бір құдай бере салғанда, қалғанымызды кім бе-
ріпті, ә?! Жалпақ қазақтың жыртығын жалғыз Қожаберген жамай
алмас, Көбегеннің де керегі бар шығар-ау деп жүргенімде, нар
мойыны кесілетін даудың домалап келе қалғанын қарашы! Ал,
Қожабергенім, оза бергенім, қандай жаза бермегің?!
Бір жағыңда қалмағың,
Қайрап отыр жарағын.
Ноянына тиіп көр,
Белгісіз қайда қаларың!
Бір жағыңда қазағың,
Сайлап отыр мазағын.
Азаматын қиып көр,
Тарттырады азабын!