10
Тәтті биліктің дәмін тым ерте татып ең, осылардың ортасында
өртеніп, ал, көр енді тозағын! Әлі білген жоқсың ар жақтағы бәле-
сін! Жә, бара көрерсің, қанша керемет болсаң да, осы жолдан жы-
ғылып, осы даудан тірідей-ақ өлерсің!!!
Үшінші көрініс
Төбе басында жиылған жұрт. Ортада Әлмұқан би мен Сақа
би отыр. Екі жаққа қақ жарылған топтың шетінде бір жамыл-
ғылы жұмбақ кісі елеусіздеу тұр.
Әлмұқан
:
Арасанбай мен Серен Доржыны ат құйрығына бай-
латып, құла дүзге қоя берсем, менің қолымды кім қағар еді? Я
болмаса қаһарына мінген Мерген батырға тиым салмай, теріс ай-
налып кете берсем, қайсың кінәлар едің мені? Жоқ! Әркім өзінше
кесе берсе, қасиет қала ма хандықта?! Бізге керегі – әділ жаза!
Сақа
:
Өте дұрыс жасағансыз! Мұныңыз үлкен ерлік, көреген
кемеңгерлік! Біздің де ойлағанымыз сол ғой, Әлмұқан би! Бірақ,
жазаның да жөн-жобасы болады ғой! Мәмілеге келіп, мәйегін та-
байық та!
Әлмұқан
:
Мәймөңкелеп барасың-ау, Сақа би! Киіктің де киесі,
иттің де иесі бар! Алдоңғардың қаны сұраусыз кетеді екен демең-
дер!
Сақа
:
Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын қарға тамырлы қазақ
баласы едік қой! Ел арасын бітістіріп, біріктіріп жүретін, алыстан
ойлайтын көреген едің ғой, Әлмұқан би! Құнға тоқтайық! Ердің
құнын ел болып көтеріп аламыз!
Әлмұқан
:
Рас айтасың, Сақа би! Бауырмал қазақтың баласы-
мыз! Өлімге қимайтынымыз да рас! Бірақ, садағыңды Алдоңғар-
дың ту сыртынан қадап тартарда сол бауырмалдығың қайда қал-
ды? Жазатайым, жаңылыстан болса, сөз басқа! Қасақана, қастық-
пен төгілген қанымды қайтіп кешпекпін!?
Мерген
:
Ағамыздың кегін алмай тоқтамаймыз!
Басар
:
Онда малтаңды езе бермей, алып көр менен!
Мерген
:
Сен кім едің соншалықты!?
Басар
:
Менің атым – Басар!
Мерген
:
Басар! Ха-ха-ха! Басар деген де ат болады екен-ау кі-
сіде?
Басар
:
Болғанда қандай! Мен – Арасанбай батырдың інісі Ба-
сар батырмын! Басар, өзге жұрттан асар, егескенді аяғына басар,
қабағынан қар жауса, қылышынан қан тамса, дұшпаны жаман са-