Table of Contents Table of Contents
Previous Page  8 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 282 Next Page

8

Көбеген

:

Әз Тәуке ханның сәлемін әкелдім!

Қожаберген

:

Алдиярдың аманаты ауыр болар, еңсең түсіңкі-

реп кетіпті!

Көбеген

:

Сұмдық! Сұмдық болып тұр!

Қожаберген

:

Жә! Сабыр! Не көрмеді қайран бас! Айта бер,

тартынбай!

Көбеген

:

Алдоңғар батырды өлтіріп кетіпті!

Қожаберген

:

Не дейсің!? Кәдімгі Алдоңғар батырды ма?!

Кім?! Қашан? Қалай?!

Көбеген

:

Сұмдығы сол – Арасанбай батыр жоңғардың нояны

Серен Доржымен дос-жар болады! Екеуі ұялы қасқырдай шауып,

қалмақтың малын қазаққа, қазақтың жылқысын қалмаққа асыра

берген. Шекара бойындағы ел қайдан келген кесапат екенін біле

алмай дал болып, дүрліге бастайды. Сөйтіп жүргенде атақты Ал-

доңғар батыр Арасанбайдың ұрлығының үстінен түсіпті. Талай

жауға бірге шапқан қанды көйлек жолдасын ұстап беруге қимай,

тілдеспей ме әуелі! «Жақсылықпен қой мына ұрлығыңды! Әйтпе-

се, мен әйгілеп, билердің талқысына беремін!» демей ме?! Арасан-

бай көнген сыңай танытады да, артынша бұл сырды Серен Доржы-

ға жайып салған! Қаражүрек қарақшы неден тайынсын, бұның кө-

зін жоймасақ, ертең біздің басымызды жұтады деп, Арасанбайды

қайрап-қайрап, ақыры Алдоңғар батырды өлтіріп тынады!

Қожаберген

:

Астапыралла!

Көбеген

:

Ауылдың шетінде, түн ортасында қамсыз келе жатқан

Алдоңғар батырды Арасанбай ту сыртынан садақпен бір-ақ тартады!

Қожаберген

:

Апырмай, сұмдық-ай!

Көбеген

:

Батырдың жолына қарап, ұйықтай алмай отырған

зайыбы ат дүбірін естіді ме екен, әйтеуір сыртқа шығып қалса ке-

рек. Серен Доржы куә болады-ау деп, бишараны көк желкеден ба-

сып тұрып, бауыздап жіберген! Сыдырта жөнелген екеуін ауыл-

дың құс ұйқылы сергек шал-кемпірі көріп қалып, Әлмұқан биге

хабар берген! Бидің жігіттері атқа қонып, ізін суытпай, екі қарақ-

шыны келесі күні, тар шатқалға бекініп, ұйықтап жатқан жерінен

байлап-матап алады. Әлмұқан би қанға-қан деп өрекпіген ағайын-

ды тиып тастап, ордаға ат шаптырған!

Қожаберген

:

Солай де!

Көбеген

:

Ел дүрлігіп отыр! Алдоңғар батырдың ағайындары

«Қанға-қан!» деп, қандарына қарайып алған! «Аттан!» десе бітті,

аруақ шақырып, атойлап шыға келмек! Арасанбайдың туыстары

«қайтсек, аман алып қаламыз» деп алашапқын болып жатыр! Се-