Table of Contents Table of Contents
Previous Page  4 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 282 Next Page

4

ріп, көпіртіп жазып жатыр! Ал, енді біреулері бәрін де жоққа шы-

ғарып, тарихтың көрін өкіртіп қазып жатыр! «Архивте сақталма-

ған, қағазға түспеген нәрсенің бәрі әсіре аңыз, ауызекі сөз ғана!» –

дейді! Сонда, біріншіден, қағазға жазылған нәрсенің бәрі абсолют-

тік шындық бола ма!? Қағазға жазғандар ол деректерді ауыздан

алмағанда, қайдан алды екен, ә? Ал, бұдан бірнеше ғасыр бұрын

біреулер өздерінің өтірігін қағазға түсіріп қойса қайтеміз!?

Екіншіден, ол заманның аласапыранын кім қаламға тізіп, каме-

раға түсіріп отырды дейсің?! Қағазға жазылмады екен деп, қасиет-

ті тарихты жоққа шығаруға хақымыз бар ма!? Аты-жөні архивтен

табылмады екен деп, аталарымызды сызып тастай саламыз ба әл-

де!? Жо-жоқ! Өмір, тарих архивке сыймайды! Қаншама айлар,

жылдарда... ғасырларда қандай оқиғалар өтті екен, ә?! Керуен

бұлттай мәңгілікті көздей көшіп кеткен көшпенділердің кешкен

дәуірін, сүрген дәуренін енді қайдан табарсың, қайтіп дәлелдеп

жазарсың?!

(Серпіліп, ширығып, арлы-берлі жүреді).

Жо-жоқ, ба-

баларымыздың ерлігі мен еңбегі із-тозсыз жоғалып кеткен жоқ!

Мәңгілікке жазылып қалған! Аңызға айналып аспанға ұшып, өш-

пейтін жолын тауып, бізге жеткен! Келешекке де көше бермек!

(Ырғақтап, даусы зорая түседі):

Мен сендерді іздедім, баба,

Балбал тастың әжімінен,

Тас қорған обалардан,

Мүжілген молалардан,

Ғасырлар қойнауынан,

Ойраттың ойранынан,

Қобыздың сарынынан,

Абыздың ойларынан!

Тарихтың толқынынан,

Найзағай жарқылынан,

Желдің ызыңынан,

Жусан иісі аңқыған

Даланың аңызағынан,

Көшпенділердің

Киелі аңыздарынан,

Көшкен бұлттардан,

Көне жұрттардан!

Мен сендерді іздеймін, бабаларым!

(Сәл бөгеліп, бір айналып келіп):