Table of Contents Table of Contents
Previous Page  3 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 282 Next Page

3

Екі актілі, тоғыз көріністі драма

Қатысушылар

:

Қожаберген – би, 55 жаста.

Көбеген – би, 55-те.

Арасанбай – батыр, 35-те.

Әлмұқан – би, Алдоңғардың туысы, 65-те.

Сақа – би, Арасанбайдың ағайыны, 65-те.

Ана – Арасанбайдың анасы, 65-те.

Мерген – Алдоңғардың інісі, батыр, 25-те.

Басар – Арасанбайдың інісі, батыр, 25-те.

Бұлғын – Арасанбайдың қарындасы, 18-де.

Саған Манжу- жоңғар елшісі, 55-те.

1-әйел, 40-тарда.

2-әйел, 40-тарда.

Жасауылдар, жауынгерлер, көпшілік.

Қазіргі заманда

:

Санат – тарихшы, ақын, 30-да.

Пролог

Қазіргі заман. Тарихшы ақын Санат кірпіштей қалың кітап-

тарды ақтарып отыр. Арасында қаламымен әлденелерді түртіп

қояды.

Санат

(ойлы):

Ойпырмай... жазады-ау! Тарихшылардың да

түр-түрі көбейді қазір! Біреулері өтірік, біреулері бір-бірінен көші-