Table of Contents Table of Contents
Previous Page  11 / 282 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 282 Next Page

11

сар, артын қысып қашар деп, ырымдап қойған

! (Оның ағайында-

ры: «Басар! Басар!» деп арқаланып қояды).

Мерген

:

Па, шіркін! Жұрттан ассын, елдің бәрін аяғына бассын

деген әкеңнің ниеті қандай жаман еді! Біржола Бөрібасар деп неге

қоймаған, ә!?

(Мергеннің руластары дуылдап, әжуалап күледі).

Немене, сонда басқа халық қашан Басар келіп, бізді басады деп,

басын иіп тұру үшін жаралып па!? Сен Басар болғанда, әкеңнің

аты Есер емес пе осы!?

Басар

:

Тарт тіліңді! Басар Басар болғалы, мұндай сөз естіп

көрген жоқ! Қара жыным қысқанда, қара судай тасармын, қазан-

дай қара басыңды, табаныма басармын!

Мерген

:

Басарсың, тасарсың, адамыңа жолықсаң, өзіңнің қан-

жыныңды асарсың!

Сақа

:

Уай, батырлар, сабыр! Ерліктерің тасып бара жатса,

бауырыңа емес, жауыңа көрсет! Тоқтатыңдар егесті! Малмен бі-

тейік!

Басар

:

Құнын айтсын! Қанша болса да, төлеуге біз дайынбыз!

Мерген

:

Адамды малға айырбастағың келген екен! Олай бол-

са, малды мен берейін саған, сен басыңды беремісің!?

Басар

:

Түсінбедім сөзіңді, Мерген батыр!

Мерген

:

Түсінбейтін несі бар? Сенің басың қанша тұрады

деймін? Қанша малға бағалайсың мына шикі басыңды?!

Басар

:

А-а, ол... былай ғой...

Мерген

:

Ол сен үшін былай ғой... Ал, мен үшін, Басардың ба-

сы – бес тоқты!

Басар

:

Оттапсың! Басардың басына баға жетпейді!

Мерген

:

Солай ма? Олай болса, басқаның басын неге малмен

бағалайсың, ә!? Кісіні өлтіріп тастап, малыңмен құтыла қоймақсың

ба?! Біздің де басымызға баға жетпейді-ау деп ойлап көрдің бе бір

сәт!?

Сақа

:

Енді... Мерген шырағым, болар іс болды! Өлгеннің ар-

тынан өлмек жоқ деген ғой. Тіршілікті ойлайық деген сөз ғой!

Мерген

:

Тіршілік деп тәтті тіліңмен сылап-сипап, сытылып

кетемін деп ойлама, Сақа би! Жоқ! Қан сатылмайды! Ар-намыс

сатылмайды! Мен қанға-қан алмай тоқтамаймын!

Сақа

:

Апырмай, Мерген батыр-ай, жап-жас басыңмен

осынша

қатыгез болармысың!?

Мерген

:

Қатыгез? Қапыда кеткен ағасын жоқтап тұрған мен

қатыгез бе, жоқ әлде қасақана өлтіріп кеткен сен қатыгез бе!?

Басар

(

қылышын

суырып алып):

Олай болса, шық былай!