6
Бұлғын
:
Жоқ, рас! Бірақ, қуып жеткен сіз емес, арғымақ аты-
ңыз ғой! Иә, иә, тұлпарыңыз сәл жүйріктеу болған шығар... Неме-
се, кім біледі, мен сәйгүлігімнің басын тежей шапқан шығармын!
Мерген
:
Неге... тежей шабасыз?
Бұлғын
:
Сізді ұятқа қалдырғым келмеген шығар... Әлде, бәл-
кім, жақын жерден желп-желп еткен түріңізді бір көрейін деген
шығармын! Сондықтан, аттың еңбегін иемденіп кетуіңіз қалай бо-
лар екен!
Мерген
:
Апырмай, әзіліңіз қандай жанға жағымды еді, жұмбақ
қыз!
Бұлғын
:
Әзілдесер кез әлі алда болар! Атыңыздың емес, өзі-
ңіздің жүйріктігіңізге көзімізді жеткізсеңіз, сөзімізге өзек те болып
қаларсыз!
Мерген
:
Менің атым – Мерген! Мерген батыр!
Бұлғын
:
А-а! Білмеймін... естімеппін! Қазақта ондай да батыр
бар ма еді!?
Мерген
(сәл шамданып):
Болғанда қандай! Атқа қонса, ағын
судай шалқыған, атақ-даңқына исі қазақ балқыған, айқасқанын
аруақ басқан, атойласа қалмақ қашқан, жауды көрсе, қаны қызған,
қырық мәрте қамал бұзған қаһарман қолбасы Алдоңғар батырдың
інісімін!
Бұлғын
:
«Мата даңқымен бөз өтер, ата даңқымен қыз өтер» де-
генді естіп едік! Аға даңқын бұлдаған ұланды тұңғыш көріп тұр-
мын!
Мерген
:
Ха-ха-ха! Қатырдыңыз-ау, қабылан қыз! Ештеңе ет-
пес, естімесеңіз, естірсіз!
Бұлғын
:
Жарайды, бұдан былай құлақ түре жүрерміз Мерген
батырдың даңқына! Тек жақсы атыңызды ғана естуге жазсын!
Мерген
:
Әумин! Сізді ұялтпауға тырысармын! Ол үшін... тым
болмаса есіміңізді біле жүрейін де!
Бұлғын
:
Менің есімім Бұлғын!
Мерген
:
Руың кім? Ауылың қайда?
Бұлғын
:
Мерген болсаңыз, бұлаңдаған Бұлғынды қалт жібер-
мей бағарсыз! Қыран болсаңыз, зау биіктен төрт тарапты шолар-
сыз, қайдан болсын табарсыз! Қарға болсаңыз, қыр астында қал-
баңдап, қарқ-қарқ етіп қаларсыз! Ал, осымен хош, көріскенше
аман-есен боларсыз! (
Қызыл-жасыл ою-өрнекті ақ жібек бет
орамалын сәнмен ұсынады).
Жолыңызға байлағаным, жүйрік атты
Мерген батыр! Сағынсаңыз, бір иіскеп, есіңізге аларсыз! Яки, тіп-