Table of Contents Table of Contents
Previous Page  12 / 332 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 332 Next Page

12

нын сезген Елік атасы мен апасын қызғанып, қудалағысы келді.

Оған көнер Құндыз жоқ, жағадан ала кетіп, тістеп, тырнап, төбеле-

суге айналды. Елік үлкендік жасап, күштеуге кірісіп еді, шешесі

Құндызға болысып, қорғаштап қалды. Бұны өзіне опасыздық жа-

сағандай көрген Елік жылап, мазаны кетірді.

– Құлыным-ау, енді қайт дейсің бұған? – деді апасы Елікті жұ-

батып жатып. – Сен үлкенсің, ақылың көп, бұл болса кішкентай.

Біз жыламасын деп жақсы көргенсіп, алдап жатырмыз. Сен де

жақсы көр. Сен қуып жіберсең, бұл қайда барады? Бәріңнің де ұяң

ғой бұл үй, бәріңе де жетеміз біз.

Табиғат білдіре ме, әйтеуір қаудырлаған бейтаныс қарияларды

жатырқамаған Құндыз да бауырларына кіріп барады. Осында қа-

ларын сезсе керек, үйдің опыр-топырын шығарып, әп-сәтте сіңісіп

жүре берді. Шешесі қолына алып, бетіне қарап сөйлеп қояды.

– Әркімге бір жаутаңдап қайтіп жүрдің? Ботам-ай сол, алдыгү-

ні түсіме кіріпті. Монтиып, босағадан сығалап тұр. Кірейін бе,

кірмейін бе деп қаймығатын секілді. Келеді дедім, келе ғой дедім.

Әлгі біреулерге бақтырдық дегенді естігенде жүрегім ауырды.

Қайтіп жүр екен деп жылап аламын. Келдің, міне, келдің, құлы-

ным, ұяңа!

Мәре-сәре, мәз-мәйрам күйде олар түннің бір уағына дейін

отырды...

Қатты шаршағанына қарамастан Масат көпке дейін ұйықтай

алмады. Ауыз үйде кемпір-шал күйбеңдеп жүр: мол, кең төсекке

жаңадан келген кішкентайды орналастырумен әуре. Оның бағана-

дан бергісі аздай, енді төсегінен орын алғанына Елік көнбей, қи-

қандап: «Ан жаққа жатсын» деп, бүлік шығара бастаған. Қариялар

күбір-күбір сөйлеп, алдап-сулап, бұл кезде ұйықтап қалған Құн-

дызды жайлап орналастырды.

Сәлден кейін ауызүйден тағы да тықыр естілді. Әкесі екен.

– Папа, о не? – деп, дауыстады Масат.

– Ә, жай, түнде сүт ішетін Еліктің әдеті...

– Ойбай, мынау да оянды, – деген шешесінің даусы естілді.

Ояна қойған Құндыз Еліктің сүтіне жармасты.

– Мынаның сүт ішіп жатқанын қайдан біле қойды? Құр қал-

дым деп қызғанып, таласып жатыр. Ал, шал, енді жүр түнімен,

екеуіне кезек-мезек сүт тасып, – деп күлді шешесі. Үнінен үй база-