Table of Contents Table of Contents
Previous Page  9 / 332 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 332 Next Page

9

ЯК-40 шыңылтыр аязды жара ышқынып, аспанға шаншыла

атылғанда, Масат қорқып, жылайды-ау деп Құндыздың жүзіне

үңілді. Үлкен, қаймағы бұзылмаған қара көздеріне үнсіз үрей тұна

қалған сәби бұрын-соңды басынан кешіп көрмеген құбылысты тү-

сінбей, түсіне алмай, жаутаңдап, әкесіне қараған күйі қата қалып-

ты. Көзіне қиналысқа толы сауал тұнған. «Ішің біртүрлі болып

кетті-ау, құлыным», – деп, Масат оны бауырына басты. Әке құша-

ғының таныс иісі бала көңілін тыныштандырды.

Кенет санасында бір ой жарқ ете қалды. Мынау сәби өзінше

қуанатын, күлетін, жылайтын, үрейленетін, бұдан бөлек өмір сүре-

тін, өзгеше жан екендігін өзі де бұлдыр сезініп, әкесіне де ұғын-

дырғандай... Ол қуанды да, қорықты да. Қуанғаны – өсіп-өнер, өз

жолы бар өмір иесіне тіршілік бастауын беріпті. Қорыққаны – бө-

лінудің басы бұл. Ол терең күрсінді... Бір кезде өзі де дәл осындай

қара домалақ еді. Үйдегі үлкендер күңгірт бұрышқа тығылып:

«Мені тауып алыңдаршы», – деп мәз болған бұның қылығын қы-

зықтап: «Қайдан таптық? Мәкөш қайда? Ал іздеңдер», – деп, жор-

та абыр-сабыр болып, аяғында зорға тапқанситын. «Бұрыш та қап-

қара, Мәкөш те қап-қара!» – деп күлетін бәрі. Бұл соған мәз. Үзік-

үзік есте қалған көріністер мұнарға айналған өткен күндердің ең

қымбат, өшпес белгісіндей, қалдырған ізіндей. Қыстыгүні әкесі

мал жайлауға шығып кеткенде, бұл да бірге барамын деп талпы-

нушы еді. Қақаған боранда шешесі шығармай қойғасын, өзінше

өкпелеп, жылайтын, сол кезде сырттан әкесі кіреді де: «Әлгі қай-

да?» деп, лас пимасымен ішке енуге именіп, босағада бөгеледі.

Шаруа істеп жүргенде, кенеттен ойына құлыны түсіп кетіп, сағы-

нып келген әкесіне бүл арсалаңдай ұмтылады. Ол көтеріп алып,

мұз қырау мұртымен бұның бетін қытықтай, құшырлана иіскейді,

әке бойынан аяз бен шөптің, мал мен көңнің иісі аңқиды. Масат

оған жабыса түседі...

Сол кезде өзі ғажайып дүние құшағында болатын. Тіршілік

тартпасын, талқы-таласты білмейтін уағы: айналаның барлығын

бір үлкен, таза сезім ретінде қабылдаған ерке шақ. Әлі есінде, құ-

лынды қара биені әкесі үй маңынан ұзатпай, төбе баурайына қо-

сақтап жіберетін. Шешесі екеуі бие саууға шыққанда, бұл да қал-

майды. Қарға адым жердегі қырға шығу – үлкен бір саяхат. Көк-

тем. Жасарып, жаңа күш ала бастаған дала. Күн ыстық. Айнала

жап-жасыл. Дала үнге, әуенге толы. Аулақта пысқырынып қойып,