Table of Contents Table of Contents
Previous Page  10 / 332 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 332 Next Page

10

жайылып жүрген құлынды бие. Түсініксіз бірдеңе бұның кеудесін

кернеп, төңірегіне ұзақ-ұзақ үңіледі. Әлденеге қуанып, әлденені

ұға алмай, күлімсіреп, күрсінеді...

Әкесі құлынды ағытып, бие иігесін кері тартады, шешесі бір

тізерлеп, саууға кіріседі. Бұл құлынды төңіректеп әуре. Танауын,

көзін, құлағын қызықтайды, жып-жылы, жұмсақ тұмсығына бетін

тақайды, Әкесі көтеріп, құлынға мінгізеді, қолға үйренген жуас

құлын жетекке ереді. Бұл мәз, бұл бақытты. Үйге қайтарда әкесінің

мойнына мінеді, «шу-шулейді». Дүние, дала, ата-ана, құлын – бәрі-

бәрі Масатты әлдилеп, тербейтіндей. Бәрі-бәрі бұнымен біртұтас

секілді...

Оралмас балалық шақтың бастауы көзіне осылай елестейді.

Кейін тіршілікке араласа бастады: қатқылды да, қақтығысты да,

балалар төбелесінен бастап, еркектер егесін де көрді. Алайда оның

бәрі кейінгі қоспалар. Ал сол бір мөлдір дүние... Ата-ана, табиғат

махаббатының жемісі – өзі, өз жүрегі. Әлі күнге сол балғын ерке-

лігі қабат-қабат ой, ақыл, білім қыртыстары арасынан қылаңдап

көрініп, жарыққа ұмтылатын кездері де болады. Ондайда әке-

шешесіне далаңдай еркелеп, аңқылдап, үлкен қызы Елікпен кем-

пір-шалға таласатыны да бар.

Вокзалдың қатты ағаш орындығында отырып та, поезда да Ма-

сат осы бір ойлардан құтыла алмады. Құндыз да азамат-ақ – бір

тәулік бойы ішкиімін бүлдірмей таза келе жатыр. Ауыстырам деп

алып шыққан бір буда киімнің қажеті де болған жоқ. Бұны естісе,

«Көкжалский тәрбие» деп күлер еді достары.

Бір сәт осынау құйтақандай ғана жан иесін осынша шаршап-

шалдығып, жүдеп-жадаса да, аялап, айналып-толғанудан танбай

келе жатқан жүрек сырына үңіледі. Не үшін? Ненің қарымы? Өтеуі

алда, болашақта дейтін қарыз ба? Жо-жоқ... Адам болғалы қай ұл,

қай қыз ата-ананың еңбегін толық ақтапты? Ақтаған емес, ақтай да

алмайды. Өйткені ол өлшеусіз...

Өзі ше? Дүниеге әкелді, бағып-қақты, өсірді, оқытты... Әлі

күнге қабырғалы қалың елдей қолдап, сүйеп келе жатқан әке-

шешесіне қай еңбегі сіңді? «Құлыным, өсірдік, өндірдік. Енді міне,

балаңды бағып отырмыз. Бірін де бұлдамаймыз. Өсіп, өнгенің ке-

рек. Артымызда сендер қалсаңдар – тілегіміз сол ғана», – деп еді

шешесі бір жабыққан кезінде. Баласы азамат болып, ұрпағын жал-

ғастырса, ата-ана бақыты сол. Қандай қалтқысыз, қарызсыз, дү-