Table of Contents Table of Contents
Previous Page  7 / 332 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 332 Next Page

7

қалды. Күлімсіреп, ішкі ризашылығын үнсіз білдірді де, баласын

орнынан алып келді. Бірақ, Алматыдан шыққалы қолдан түспеген

сәби қазір аздап жүгіріп, ойнауды тілеп, бұлқына бергесін, тағы да

жіберген. Қабат-қабат қалың киімнің ауырлығына қарамастан,

Құндыз томпаңдап жүгіріп жүр. Кең залды емін-еркін аралап, әр-

кімнің жүзіне үңіледі. Оған бәрі қызық, бәрі таңсық. Сәби санасы-

на дүниенің жаңа бөлшектері сіңіп жатыр – өмірдің бір ғана сәті.

Енді қайтып осынау адамдармен осылай кездеспейтіндігі де аян,

бәлкім бұлардың ешқайсысын қайтып көрмейтін де шығар, келе-

шекте кездейсоқ, кездесе қалғанда да бала оларды танымайды ғой.

Иә, бұл сәт қайталанбас қас-қағым ғана. Дүниенің бәрін қалтқысыз

қабылдайтын бала түйсігіне ол жекелеген сурет, ұғым ретінде

емес, буалдыр, белгісіз жұмбақ тұтастық болып қонатын шығар.

Тіпті осының бәрі ұмытылатыны анық, бірақ ешкімге белгісіз құ-

пия із – әлгі бір көрініс атаулының жинақталған күйіндегі әсері

бала жанында қалса керек. Әлгіндегі бейтаныс ағайдың аялы ала-

қаны Құндыздың есінде қалмайды, бірақ сол алақан табы жүрегіне

жылылық сіңіретіні сөзсіз.

Ойға кеткен Масат әлгі бір мейірлі кісіге ризашылықпен тағы

бір қарады да, іле-шала Құндызға көз тоқтатқан. Біраз жерді шар-

лап үлгерген бала бағанағы қыз бен жігітке таяп барған еді. Олар

оған назар аударған жоқ. Әлде үйлеріне әрдайым осындай жас

адамдар келіп жүргендіктен бе, кім білсін, әйтеуір Құндыз оларға

қарап ұзақ тұрды. Содан кейін кәнігі еркелігіне басып, үйренген

дағдысымен қыздың алақанын саусағымен қытықтап, «тікіл, тікіл»

деп мәз болды. Қыз қолын жиып алды, жігіт баланы құлатып ал-

мауға тырысып, абайлап, салқын сыпайылықпен кері итерді. Құн-

дыз аң-таң, алақанын қытықтағанға тәтенің неге күлмегенін түсіне

алмай жаутаңдап тұр. Бағанадан бері бәрін бағып отырған Масат-

тың зығырданы қайнады. Ұшып тұрып, Құндызды алып келді.

«Ши барқыт шалбар киген ши бұт неме», – деп кіжінді ішінен.

Содан кейін әлі де ойнағысы келіп, қикаңдаған Құңдызды ал-

даусыратып: «Ұқы, ұқы боламыз» деп, алдына алып отырды.

Бағанадан бері жап-жас басымен бала көтеріп жүргеніне қы-

сылғандай еді. Әсіресе, әлгі екеуінің алдында өзін тұсаулы аттай

сезінген. Енді одан арылған, ерегіс пайда болыпты. Бүкіл әрекеті-

мен: «Ал, мен баламды жақсы көремін. Сендер үшін ол ұят көріне-

тін де шығар, ал мен үшін...» дегенді дәлелдегісі келеді. «Бәлкім,