Table of Contents Table of Contents
Previous Page  3 / 332 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 332 Next Page

3

Кіріп келгеніңде күту залында әдеттегідей адам толып отыр:

жаңадан келген бұған, жол үстіндегі жолаушының дағдысымен,

біртіндеп көз тігіскен. Әншейін шолу емес. Жанарларына жұмбақ

сауал ұялай қалыпты, жап-жас жігіттің қақаған қыста жападан-

жалғыз бала көтеріп жүргенін сан-саққа жүгіртіп үлгергендей. Ма-

сат іштей бір ыңғайсыздық сезінді, тасалау жер іздегенімен, даңға-

радай, аңғал-саңғал кең зал жасырынбақ ойнауға арналмаған, қо-

лайсызданғанын сырт көзге байқатпауға тырысып, кішкентай Құн-

дызға бірдеңе деп ұрысқансыды да, бос орындардың біріне молы-

нан жайғасты.

Тонының түймесін ағытып, аспай-саспай Құндыздың мойнын,

аузы-мұрнын ораған бөкебайды шешті. Жол бойы тұмшаланып,

қозғалуға мұршасы келмеген бала енді жеңілденіп, жан-жағына

бұрылып қарай бастады, үлкен қара көздерінде түсінбеушілік пен

таңдану.

Масат сөмкесін ашып, ішінен бөтелкеге құйылған сүт, жұмсақ

нан шығарды. Төгіп-шашпауға тырысып, шай кесеге орталап құй-

ды. Тәтті нанды кішкентай, өткір тістерімен кертіп жеп, сүт ішіп,

қарны тойған сәби Масатқа жәудірей қарады. «Әй, ақымақ, әкеңе

алғыс айт», – деп күлді бұл. Өзіне әлдебір жылы сөз айтылғанын

аңғарған Құндыз мәз бола күліп, Масаттың тонының өңіріне ты-

ғылып, кішкентай қолдарымен құшақтай алды. Бір сәтке төңірегін