6
лесе екен дегені еді. Бірақ ондай санаулы ғана бақшаның мүмкін-
дігі де шамалы. Ауылға тарта жөнелуге бір жағы әке-шешесін
аяды, екінші жағынан тәп-тәтті Құндызға бауыр басып қалғандық-
тан, қимады. Әу бастан өздері тәрбиелегілері келген. Бұған біреу-
лер күлетін: «Жап-жас боп, бала не керек? Қаланың жағдайын бі-
лесіңдер...» – деп жұмбақтар еді. «Өсіп-өнбе дейсің бе?» – деп Ма-
саттың көзі қанталап шыға келетін. Енді біреулер: «Кім болса о
болсын, бағамын десе, ойланбастан апарыңдар да тастаңдар. Несі-
не азаптанасыңдар?» – деп ақыл айтатын. «Жоқ, – деп кіжінетін
Масат. – Мен баламды кім болса сол тәрбиелегенін қаламаймын!»
Соңғы сөзін нығыздап, баса айтады.
Ақыры, айына қырық сом төлеп, көрші әйелдердің біріне бақ-
тырды. Екі ай сонда болды. Көздерінше Құндызды айналып-
толғанып-ақ жатады, бірақ, баланың бұл үйге аяқ басқысы жоқ.
«Е-е, – дейтін Масат ішінен. – Менің қызымды емес, қырық сомды
айналып-толғанасың да!».
Күн өткен сайын баланың әлгі үйге баруға қарсылығы күшейе
берді. Сәбидің көз жасына жүректері ауырса да, күндері үшін тө-
зіп-ақ бақты. Сөйтіп жүргендерінде әлгі әйелдің өзі «қолым ти-
мейді, баға алмаймын» деп бас тартты. Содан кейін бұлар асығыс
ауылмен сөйлесіп, ата-анасымен келіскеннен кейін, осы шешімге
келген.
«Қысқы жолдың қиындығы әзір біліне қойған жоқ. Ауыл ірге-
сіне де кеп қалдық», – деп ойлады ол...
Масат ойға шомып отырған кезде Құндыз томпаңдап залды
аралап жүрген. Бейтаныс, беймәлім әлеммен бетпе-бет келіп,
өзінше танысып жатыр. Қалғып отырған жолаушылардың әрқай-
сысына үңіле қарайды. Қарсы орындықта шалқалай қисайған орта
жастардағы кісіге тіпті таяп келді де, шуылдаған танауын қызық-
тап, қолымен нұсқап көрсетіп, Масатқа бұрылды. «І-і» деп, таңда-
нып тұрды да, өзі де көзін жұмып, танауын көкке көтере пышыл-
дата жөнелді. Бұл кезде іштері пысып отырған жолаушылардың
біразы Құндыздың қылықтарын тамашалай бастаған. Біреулер кү-
ліп жатыр. Кенеттен өзіне қадала қалған көздерден қымсынған
Құндыз жалма-жан кері бұрылып, әкесіне қарай қаша жөнелгенде,
сүрініп кетіп, жығылып қалды. Құрақ ұшып, Масат жеткенше таяу
отырған мосқалдау еркек оны көтеріп алды да, күлімсіреп, маң-
дайынан сипады. Масаттың оған іші жылып, біртүрлі жақсы көріп