Table of Contents Table of Contents
Previous Page  11 / 332 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 332 Next Page

11

ниеде теңдесі жоқ махаббат! Тірлігінде, келешекте қолы жетіп,

әке-шешесіне қандай жақсылық жасамасын, ұлаң-ғайыр махаббат

пен еңбектің қай үлесін қайырар дейсің. Бір ғана сәтіне, сол бір

аялы алақан, мейірлі иістің өзіне құн, баға жетер ме? Соның бәрі

азамат болса, солардың немересіне әке болып, өз кезегінде мейірім

шуағын төге алса, өсірсе, сөйтіп ұрпағын жалғастырса ғана ақта-

лады. Әр ата-ана өз ұрпағының үзілмеуін тілейді, оған өзін, өзінің

рухын, келбетін сіңіріп, келешекке жалғастыруын мұрат тұтады.

Осылай өтеусіз жалғаса беретін мәңгілік махаббат парызы. Бұл

соны ұғыныпты. Ал осы бір түн қатқан беймаза жүрісті кейін Құн-

дыз ұғар ма екен?!

Түнімен жол жүріп жеткен облыс орталығынан таңғы автобус-

қа отырды да, бес сағатта аулының іргесінен түсті. Күн суық, бо-

ран. Түйіншектерін топтап бір қолына ұстаған күйі, Құндызды то-

нының өңірімен қымтап, жүгіре басып келеді...

Әке-шешесі есік алдындағы құдық басында бір топ ауылдаста-

рымен бірге мал суарып жатыр екен. Саңқ етіп сәлем берді, бәрі

жалт қарасты. Шешесіне Құндызды ұстата салды, ол құшырлана

иіскеді де, шалына: «Әй, мә, ұстай тұршы, әуелі өз баламды сүйіп

алайын», – деп бұны құшағына қысты. «Дардай жігітіміз әлі бала

екен ғой», – деп, ауылдас ағайын күліп жатыр..

Қаңтардың қақаған аязы мен жол қиындығын әуелден сезініп,

тас-түйін болып аттанған Масат қажығанын жылы үйге келіп, бел

шешкеннен кейін бір-ақ білді. Жолда ұйықтап, алаңсыз келген

Құндыз шапқылап, ойынға кірісті.

Әлгі бір әзірде келінінің келмегеніне ренжіңкіреген шешесі де

енді жадырап, кең отыр. Тілі жаңадан шыға бастаған Құндыз бір

кезде саусағын шошайтып, кемпір-шалды кезек нұсқады да, тәп-

тәтті ғып «әт-тә, әп-пә» деді. «Тіліңнен-ау, тіліңнен сол» деп, қа-

риялар құрақ ұшты.

Төрт жасар Елік көз алдында атасы мен апасының басқа бір

баланы айналып-толғанып жатканына төзбей, жанжал шығаруға

айналды. Әуелде, «мама, бөпемді әкеп берші, мен оны ойнатып,

бөлеймін», – дейді екен. Әдеттегі көп қуыршағының бірі, қалай

домалатсам да көне береді деп ойласа керек. Сөйткен бөпесінің

оңдайға көне қоятын сыңайы байқалмайды, домаланып, жүгіріп

жүрген беймаза біреу. Келе салып Еліктің шексіз еркелігінен енші

бөлісіп жатыр. Жалғыз өзі билеп-төстеуден айрылып бара жатқа-