Table of Contents Table of Contents
Previous Page  10 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 336 Next Page

10

опырабләйіштарың құлыптың экранын кесіп алыпты ғой...

мәшнесіне салуға. Сонда қайда қалдың, ер болсаң?!

– Е, е, онда нем бар? Экраның әйбәт көрінеді, мәшнәнің ішін

сәндеуге...

– Уот, сенің осы қалғаның қалған! Бетон бет бастығың

бір ауылдың қызықтап отырған нәрсесін кесіп алады. Сен

онда нем бар дейсің. Елдің бетіне түкіргенмен бірдей ғой, ей!

Сенің орныңда мен болсам, опырабләйішті сол экранға орап,

президентке салып жіберер едім – мынадай самодурларыңды

жөнде деп!

Қаратай қайнаған қанына тұншығып, тырп ете алмай біраз

отырды. Дәл қазір Қаматайды екі баласымен бірге бауыздап,

опырабләйішті мәшнәсімен қоса өртеп жіберуге бар еді.

Қаматайдың үлкені қызылдан құя бергенде жарылды

Қаратай.

– Қысқарт! Мен – Қаратаймын! Жындылардың ең зорымын!

Менен өткен жынды жоқ!

Құлаштай-құлаштай соқты үстелді. Стақандар секіріп-

секіріп кетті, шоршыған шөлмекті Қаматай іліп алып, ішінде

қалғанын аузынан қылқылдатып сіміріп салдыда, Қаратайдың

бетіне қарап:

– Уһ! Менен асқан жеріңде айтарсың! – деді. Бір-бірінің

түгін қоймай боқтап, қырылысып қала жаздаған екеуін екі

жігіт зорға айырып, жынды Қаратайдан әзер дегенде құтылды.

Құтырынған Қаратайдың құлағынан Қаматайдың: «Менен

асқан жерінде айтарсың!» деген сөзі кетпей қойды. «Жалғанда

не көп – жынды көп, бірақ өзімнен асқаны жоқ, мен – бәрінің

бастығымын!» деп, баяғысын малданып жүргенде алданып

жүрген екен ғой бұл. Бақса, басқалар босқа қарап жатпай,

бас-басына бастық боп кетіпті. Атағы жер жарып, жалына қол

апартпай, адыраңдап отырған Қаматайың анау. Енді не қалды

Қаратайға? Бір-ақ мақсат, бір-ақ арман – қайткенде де барлық

жұрттан жындылығын асыру!

«Асырамын! Асырмай қоймаймын!» – деп, қалш-қалш еткен

Қаратай әуелде дүниені төңкеретін болған. Түн ортасы ауа тал­

қандаудан талқылауға түсіп, бір түйінге табан тірей алмай,

таң алдында талықсып барып бір-ақ тынды. Түсінде қиратып

шықты. Айықпас ауруы осыдан басталды – жындылығын