Table of Contents Table of Contents
Previous Page  6 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 336 Next Page

6

– Кім болса да осал емес, Мұстафаға қосып қоятын екен өзін.

– Жоға, қол-аяғымен темір бөшкені тесетін адам жоқ

ауылда. Біреу темірмен ұрып, әдейі істеген ғой.

– Жарайды, бос сөз бөшке болмайды. Тез оңдап, орнына

қойындар...

Таңертең орынбасар директорға алқынып келіп:

– Бөшкені біреу алып кетіпті! – деді.

– Қалай?

– Солай! Кеше күні бойы әуре болып, тесігін бекітіп,

қатырып қойған жігіттер. Таңертең орнатамыз деп кеткенбіз,

келсек жоқ.

– Іздеңдер! – деп зілденді директор.

«Апырмай, жаман бөшкеге дейін жоғалатын заман туғасын

қайтесің?» – деп, қайран ауыл алды-артына бір қарап, етек-

жеңін қымтауды тағы да бір ойлап қойды...

– Табуын таптық-ау, – деді директорға екі күннен кейін

орынбасар. – Бірақ бүйтіп табылғаны бар болсын!

– Е-е?! Неге?

– Қып-қызыл шатақ! – Қызыл шырайлы орынбасар бұл

жолы бозғылттау еді. – Шермәш Қаматай алыпты!

– Жетістірдің!

Шәрмәш Қаматай алса шаруа қиын: ол – бірінші хатшының

қайнағасы. Кайнағамен ойнаманың нақ өзі. Қиқуы күшті

қияңқы кісі, күйеу баласын арқаланып, бас-көзге қарамай,

белден басып жүре береді. Көбінесе шермәштің қойқаңдаулары

мен қиқаңдауларын «жындыға сот жоқ» деген қағидаға

сыйғызып, бәрі де одан аулағырақ жүруге тырысатын.

– Енді қайттік?

Орынбасардың орағыта сөйлегені директордың денсаулығы­

на жаман әсер етті. Қайдағы бір Қаматай көпшіліктің бөшке­

сін бұлардың көзін бақырайтып тұрып тартып алып, қорасына

орнатып қойса, бұлар оны қайтаруға қаймықса, көпшілік не

дейді? Қайнағалығы өзіне, кім-кімге қайнаға болмай жатыр?

Оу, біріншінің қайнағасы бүкіл ауданның қайнағасы емес қой.

Неге сонша басынады елді? Кайнағаға деген ызасы ақырындап

оны тайраңдатып қойған күйеу балаға қарай ауып, ішінен:

«Әй, осыларды-ай! – деп барып басылды. – Қой, болмас!»

– Селсебет екеуің Қаматайға барып түсіндіріңдер. Ұят

болады, қайтарсын! – деді қатқыл үнмен.