Table of Contents Table of Contents
Previous Page  9 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 336 Next Page

9

Барайын да, жынын қағып алайын. Көрсін көпшілік... кімнің

кім екенін!»

Шермәш Қаматай екі баласымен қызыл арақ ішіп отыр

екен, жынды Қаратайды қабағы ісіңкіреп қарсы алды.

Қаратай Қаматайдың қол ұшын қысыңқырап жіберіп,

отырар-отырмастан төбелесті бастап кетуді бір ойлаған. Бірақ

мыналардың күшті боп тұрғандарын байқады да, өзін-өзі

басты.

– Айдап жібер! – деді Қаматай, айғыр стақанды толтыра

құйып.

– Қаматай басыңмен сасық қызылға қор болып отыр

екенсің ғой! – деп қағытты бұл, Қаратай басымен қағып

салғаны ештеңе еместей.

– Қазір ақ-қызыл дейтін заман қайда! Қолға түскенін қыр­

тылдатпай іше беру керекқой! –Қаматайқодырайды. –Осының

өзін райпатребсайузды боқтап-боқтап, зорға алсам...

– Өз төрінде өзі талтайып отырып-ап... қарай гөр мынаны!

Қашаннан бері менің бетіме қарап сөйлейтін боп қалғансың,

ей?

– Е, е, сен кім едің сонша, бетіңе қарап сөйлемейтін? Сен

түгілі, сенен зорлардың бетін тіліп жібергенбіз – оны бүкіл

ел біледі. Менен асқан ерлігің болса айт, қане, әйтпесе қоя

ғой жақсылықпен. Бұрынғы-бұрынғы, ал қазір менің жолым

үлкен... сенен!

Қаратайдың қаны қайнап кетіп, Қаматайды кеңірдектен

ала түсуге оқтала бергенде, оның екі баласы екі иығынан басып

отырғызып қойды.

– Қазір ол – нөмір бірінші! Сен қалдың, шал, ренжіме!

– Саған екінші де жарап жатыр. Оған да жете алмай

жүргендер бар, – деп кішісі қосарланды.

Қаратай қызылды қан ішкендей тұншығып отырып ішті.

Өзі сияқты жынды болмаған балаларын аямай боқтады ішінен.

Жынды болса ғой, ертіп келіп сөйлесер еді мыналармен...

– Бір кезде арағымды тасып жүруші едің, енді өзіңше кісі

боп қалған екенсің? – деді біраздасын.

– Бір кез, мір кезді қайтесің? Әр нәрсе өз уағында, – деп,

Қаматай тағы қағып тастады. – Неменеңе мәз боласың, ол кезде

де қиратқаныңшамалы ғой. Ал қазір тіпті қалдың... Түнеукүні