Table of Contents Table of Contents
Previous Page  4 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 336 Next Page

4

дәлелдеді. «Бос нәрсенің бәрі толтырылуға тиіс», – деп,

директор арызға қол қойып берді.

Орынбасар телефонды бір сағат бұрап-бұрап, прорабты таба

алмаған соң, «бұлайша канторда отыра берсем, бюрократтар

қатарына қосылып кетермін» деп, құрылысқа балпаңдап өзі

келді.

Прораб бос бөшкені бос орынға орналастырып, су толтыруға

құрылысшылардың қолы бос еместігін, жылына жиырма

пәтер салуға жанталасып жатқанда, бос бөшкеге босқа уақыт

кетірудің өзі бос әуре екендігін достық әзілмен түсіндіріп-ақ

көріп еді, еңбегі босқа кетті.

– Бос сөзді доғар! – деді орынбасар. – Басқа-басқа, бостан-

босқа басты ауыртпайық. Арыз бар, бұйрық бар, бітті, орындау

керек. Әлде сен директорға да бағынбайсың ба?

Орынбасар әдетінше оп-оңай жерден одақтас тауып алып,

әжептәуір бола қалды.

– Директорға бәріміз де бағынамыз ғой, бірақ бос бөшкеге

бола ол кісінің онсыз да бос емес басын босқа ауыртып қайте­

міз? – деп, прораб та жоқ жерден жол тауып кетті. – Қатындар

да қызық, күнде тамақ ішіп жатқан пәленбай адамның бір-

екеуіне қойғызып алмай ма? Әйтпесе өздері -ақ...

– Жоқ, болмайды, – деді орынбасар. – Ол заңсыздық! Қазір

барлық жерде хозрашшот. Бос бөшке тамақ ішетіндердің де,

қатындардың да есебіне кірмейді. Екіншіден, бірдеңе істелген

соң, оған бірдеңе төленуі керек қой. Бос бөшкені орнына

қойғаны үшін біз кімге төлейміз? Далада жатқан дүние жоқ,

дабай, кісіңді бөл де, нәрәтіңді жаз!

Прораб шарт ете түсті. Екеуі ерегесіп тарады.

– Мына прорабың бізді онша тыңдағысы келмейді ғой

деймін, – деп, орынбасар бос бөшке туралы бос мәлімдемесін

нақтымағынаға толтыра аяқтағанда, директор қаһарына мінді.

– Әкел бері... прорабты!

Өстіп бос бөшкенің даңғыр-дұңғыры күшеюге айналды.

Орынбасар бастаған бір топ адам жан-жақтан жабыла іздеп,

прорабты зорға тауып, директорға әрең әкелді. Олардың

әңгімелері бос бөшкені таяқпен ұрғанмен бірдей болды.

Ақыры, босқа ерегесе берсе, өзінің босап қалатынын түсінген

прораб жақсылықпен көне қойды.