Table of Contents Table of Contents
Previous Page  8 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 336 Next Page

8

ЖЫНДЫ ҚАРАТАЙДЫҢ ҚАСІРЕТІ

Шермәш Қаматайдың бөшке қуған бастықтарды шемішке­

дей шаққаны сан-саққа жүгіріп, шартарапқа жайылды. Жағы

талмай, жалықпай жарысқан желауыздардың жүйріктері:

«Қаматай қаны қайнағанда қарындасымен қоса райком күйеу

баласын да өкіртіп алыпты. Содан кейін райком барлығын

бұрап-бұрап, мыштай қылыпты. Ер ғой Қаматай! «Күрекпен

қуғаны дұрыс болған. Е-е, «Отан от басынан басталады», бәлем,

төресымақтарға сол керек!» – десіп, оны әділет жолындағы

күрескер, ел қорғаған батыр, бастықтардың бастығы,

ауданның қожайыны деп шығарған. Дүңкілдеген дақпырт

шермәш Қаматайды дөңкитіп, құтырта түсті. Кейбіреулер

көлігінен түсіп сәлем бергенге семіргені сондай, бастық көрсе,

боқтағысы келіп тұратын болды.

Шәрмәш Қаматайдың хан көтерілгені жынды Қаратайдың

қанын көтерді. «Осы елдің бетке ұстар тентегі, ең жындысы

өзім, менен асқан қияңқы, менен өткен жынды жоқ!» – деп,

тал түсте телпегін аспанға атып жүрген сабазың сабасына түсе

алмай сақылдады. Бұл тұрғанда Қаматайлар да жындымын

дейді-ау ұялмай! Әйтеуір, шермәш аты бар демесең, бұның

жанында ол қой аузынан шөп алмайтын момын емес пе?

Баяғыда... бөртіп жүрген бозбала кездері... Тассудың бір сақа

тентегі Қаматайды «айналайындап» қоймады. Маяның түбінде

ішіп тұрған, топ болып. «Үй, айналайын сол... әлгі кімнің

баласымын де... Көткеншек жүргенінде аузыңа түкіріп едім...

Әкең екеуміз ішіп отырғанбыз... иә... Міне... аумай өзіме

тартыпсың! Кел, менің түкірігімүшін алып қояйық!» – дегенде,

осы Қаматайың қып-қызыл боп, дымын шығаруға шамасы

келмей қағып салған. Сонда оның намысын жыртып, Тассудың

тентегін Тереңқұдыққа қарай қуып тастаған Қаратай еді ғой.

«Әп-әдемі баланың аузына түкіріп, неге бұзасың, ей?!» – деп,

әкесіндей кісінің әкесін танытып жібергені аңызға айналмап

па еді?! Қаматайың қалқиып тұруға жараған, әйтеуір, қа­

сында... Енді, міне... бүкіл елді шулатып... Адамның бағы

көтерілейін десе, оп-оңай екен ғой, ә?!

– Менен де өткен жынды ма, ей, шынымен?!

Арқырап, сарқырап, ақыры бір керемет ақыл тапты

Қаратай. «Меніңжыным оныңжынының енесін ұрыпжібереді.