Table of Contents Table of Contents
Previous Page  3 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 3 / 336 Next Page

3

АУЫЛ ХИКАЯЛАРЫ

(1990-1999 жж.)

БОС БӨШКЕ

Ауылдың асханасына үлкен темір бөшке әкелген бөшкедей

жігіт анадайда кетіп бара жатқан құрдасына бір ысқырды да,

ол келгенше «бөшке әкелдім» деп даңғыр-даңғыр етіп, алты

бүйрөшке, екі кесе компотпен «жуғызып» та үлгерді.

Екеулеп бөшкені түсіргесін кетуге оқталған.

– Есіктің алдына домалата сап кете бересің бе, ей? Тым

болмаса жаңағы жеген алты бүйрешкеңнің жартысын ақтап,

кіргізіп беріп кетпейсің бе? – деп қажады құрдасы.

– Маған ешкім өйт деген жоқ, – деді мынау сасқалақтап. –

Апарып тастай сал деген. Айтса бірсәрі, айтпағасын ұят қой...

Жүр, одан да сені үйіңе апарып тастай салайын.

Күздің қара суығында бос бөшке елдің зәресін ала гуілдеп,

асхананың алдында бір түнеп шықты. Тамақ ішуге келгендер

оны әрі-бері айналдырып, кейбіреуі бір теуіп көріп, айналып

өте берді.

Ертеңіне асхананың бас ханымы совхоз директорының

орынбасарына телефон соқты. «Осылай да осылай, бөшкені

кіргізіп, орнатып беріңіз». Орынбасар қазақша құлаққағыстың

күні баяғыда өткендігін, соны әлі күнге білмей жүрген адамға

асхананы басқартудан бастарту керек шығар деп кәдімгідей

көсіле толғап барып, қазақшаны қойып, қағазша ғарыз

қылмаса, күні қараң екендігін ұғындырды.

Арыз қолына тиген соң, арқаны кеңге салудың күні өт­

кенін жадына мықтап тоқып алған орынбасар бұл мәселені

жылдам шешуге кірісті. Бастыққа кіріп, бос бөшкенің бір күн

босқа тұруының өзі баз біреулердің босаңдығын көрсететінін